Американдық ғалымдар SARS-CoV-2 жаңа мутацияларын тапты, олардың бірі оны жұқпалы етуі мүмкін. Бұл туралы mbio журналында жарияланған зерттеуде жазылған, деп хабарлайды Egemen.kz РИА Новостиге сілтеме жасап.
Пандемияның алғашқы толқыны кезінде S-ақуызына әсер ететін d614g мутациясы Хьюстондағы COVID-19 жұқтырған пациенттердің 71 пайызында анықталған. Екінші толқында бұл көрсеткіш, 99,9 пайызға дейін өсіп, бүкіл әлемге тараған.
Техас университетінің ғалымдары мутацияның тұрақтылығын анықтау үшін S-ақуыз вирусының түрлі генетикалық нұсқаларын зерттеген. Осыған байланысты олар D614G мутациясы SARS-CoV-2 жұқтыру қаупін арттыруы мүмкін деген қорытындыға келген.
Зерттеу аясында 285 мутация табылған. Бірақ олардың көпшілігі аурудың өршуіне айтарлықтай әсер етпейді.