Бұл күндері Ұлы Жеңістің алдағы 70 жылдығына дайындық жүріп жатыр. Оны ТМД аумағы бірге атап өту үшін мемлекет басшылары қол қойған қаулылары бар. Соның ішінде Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің түрлі мұқтаждықтарын өтеп, үй-жайларын жөндеп, қаржылай көмек беру сияқты қосалқы шаралар да жеткілікті. Ең бастысы, халқымыздың қазынасы – ардагерлеріміз қол қусырып отырмай, елдік істерге де араласып, кейінгі ұрпақты тәрбиелеу ісіне де қосып жатқан үлестері өлшеусіз.

Қай кезде де ұлағатты үлкен ұрпақ бас қосқанда қаралатын мәселе, ортаға салынатын сауалдар аз болмайды. Сонымен, кеше Алматы қаласы ардагерлер ұйымының құрылтай жиналысы болып өтті. Бұл жиынға «Генералдар кеңесі» республикалық қоғамдық бірлестігі мұрындық болып, Алматы қаласының әкімдігімен бірлесіп қаланың барлық аудандарында Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен қатысушылары, ауған соғысының, жергілікті жауынгерлермен және Чернобыль оқиғасының қатысушыларымен өткізілген дөңгелек үстел барысында ардагерлердің әлеуметтік мәселелері талқыланды және Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығын лайықты қарсы алу жөнінде мәселелер қаралды.
Қазақстан Республикасындағы аталған санаттағы ардагерлер ұйымдарының қатысушылары келесі бағыттар бойынша тығыз әріптестікті ұйымдастыруды ұсынып отыр.
Оның ішінде ұлттық қауіпсіздікті, қорғаныс және елдегі заңдылықты нығайтуда ҚР Президентіне қолдау көрсету, жаңа қазақстандық патриотизм бағытында тәрбиелеу бойынша ардагерлер ұйымының бірлескен қызметін жандандыру істері де бар.
Сол сияқты, ҚР Үкіметінің ҰОС, еңбек майданының қатысушылары, ауған соғысының ардагерлері мен мүгедектері, жергілікті жауынгерлер, Чернобыль апатына қатысушылар, Қарулы Күштер мен қарулы құрылымдар, әскери қызметкерлердің отбасы және құқық қорғау органдары қызметкерлері, әскери міндеттерін орындау кезінде қаза тапқан жауынгерлер отбасын әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша түпкілікті шара қабылдауына ықпал ету көзделуде және Алматы қаласында соғыс ардагерлеріне сауықтыру орталығын және Ардагерлер үйін құру ісі де қордаланған мәселе қатарында тұр.
Осы мақсатта, «Генералдар кеңесі» РҚБ ардагерлер ұйымының құрылтайшы жиналысын өткізуге және Ардагерлер бірлестігінің қауымдастығын құруға шешім қабылдады.
Айнаш ЕСАЛИ,
«Егемен Қазақстан».
АЛМАТЫ.