• RUB:
    5.44
  • USD:
    478.58
  • EUR:
    520.84
Басты сайтқа өту
Аймақтар 03 Қараша, 2020

Полицейлер азаматтарды карантин режимін сақтауға шақырады

98 рет
көрсетілді

Елордалық полиция қызметкерлері еріктілермен бірлесіп коронавирус инфекциясының алдын алу мақсатында елорда тұрғындары және қонақтарымен түсіндіру жұмыстарын жүргізуде, - деп хабарлайды Egemen.kz

Полицейлер адамдар көп жиналатын жерлерге барып (скверлер, саябақтар, автобус аялдамалары), тұрғындарға қауіпсіздік шараларын сақтау керектігін түсіндіреді. Сондай-ақ, тәртіп сақшылары қоғамдық орындарға бармауды және әлеуметтік қашықтықты сақтауды еске салады. Еріктілер тұрғындарға маска таратты. Өткізілген акцияның негізгі мақсаты - коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу және елорда тұрғындарын қорғаныс құралдарымен қамтамасыз ету.

"Елордалық полиция қызметкерлері карантин шаралары мен азаматтардың ортақ жауапкершілігі, санитарлық нормалар мен әлеуметтік қашықтықты сақтаудың маңыздылығы туралы еске сала отырып, халыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Көп адам бұл шаралардың қажет екенін біледі және атқарылып жатқан жұмыстарға түсіністікпен қарайды", - дейді жергілікті полиция қызметі бөлімінің бастығы Азамат Садықов.

"Карантин режимінің алғашқы күндерінен бастап еріктілер бізбен тығыз жұмыс істеуде. Олар маска таратты, ал кешке мобильді топтың құрамында шектеу шараларын сақтау үшін көңіл көтеру және ойын-сауық орындарын тексеру үшін рейдтерге шықты", - деп қосты ол.

Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті сақтық шаралары туралы еске салып, азаматтарды қоғамдық орындарда жауапты болуға шақырады.