"Қазгидромет" РМК алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Алдағы үш тәулікте Қазақстанның басым бөлігінде қолайлы ауа райы сақталады, еліміздің батыс, солтүстік-батыс өңірлерін қоспағанда, онда жаңбыр, сондай-ақ ауа температурасының біртіндеп төмендеуі күтіледі.
Республиканың қалған аумағында ауа температурасы біртіндеп көтеріліп, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республика бойынша кей жерлерде тұман, желдің күшеюі күтіледі.