Коронавирус бойынша балабақшаның кезекші тобына барған 18 бала бақылауда тұр. Бұл туралы Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz
"Барлығы COVID-19 індеті бар 200 оқушы, сондай-ақ балабақшаның кезекші тобына барған 18 бала және интернаттан 21 бала бақылауда", деді вице-министр Орталық коммуникациялар қызметінде.
Бұдан бұрын хабарланғандай, биыл елімізде COVID-19 диагнозы расталған барлығы 3 164 бала тіркелген, оның ішінде 114 жаңа туған нәресте бар. Қазіргі кезде COVID-19 індеті бар 340 бала бақылауда тұр.