• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
22 Қараша, 2013

Жобалар жолда қалмаса...

303 рет
көрсетілді

Біздің облыстағы «Павлодар» деп атау берілген еркін экономика­лық аймақ «құрылады, ашылды» дегелі де біраз болып қалды. Облыс орталығының солтүстік өнеркәсіп аумағында орналасқан еркін экономикалық аймақтың жалпы көлемі 3300 гектар жерді алып жатыр. Жоба еліміз үшін маңызды. Мамандардың айтуынша, оның жұмысын жандандыру үшін химия саласында табысты жұмыс істеп келе жатқан шетелдік кәсіпорындармен әріптестік орнату қажет. Сонда ғана бұл іске мол инвестиция тартудың мүмкіндігі қалыптаспақ. Егер аймақ аумағына 50-60-тай кәсіпорын сыйып кететіндігін ескерсек, бұл әрине бір күннің шаруасы емес.

Дегенмен, Елбасы тапсырма­сын орындау барысында осы «Пав­лодар» арнайы экономикалық аймағында жуырда екі жаңа өнді­ріс­тің іске қосылатындығы бел­гілі болды. Бұл жайында «Каустик» АҚ пен «Белизна-ПВ» ЖШС кәсіпорындарындағы технологиялық үдерістің орындалу барысымен танысқан облыс әкімі Ерлан Арын мәлім етті. Іске қосылмақ екі өндірістің бірі – «Каустик» АҚ-та тұз қышқылы, ал, «Белизна-ПВ» ЖШС-інде тұрмыста қолданылатын химиялық заттар шығару қолға алынбақшы. Зауыттың тұз қышқылын өндіретін зауыттың қуаттылығы жылына 45 мың тонна екен. Бұл күн­дері елімізде қолданылатын тұз қышқылы Ресей, Өзбекстан және Қытайдан әкелінеді. Ал, жаңадан шығатын павлодарлық өнім бәсе­кеге қабілетті.

Арнайы экономикалық ай­мақ аумағында жүзеге асқан бұл жобалар салықтар мен кеден­дік жеңілдіктер бойынша басым­дылықтарға ие. Сонымен бірге, екінші жобаға салынған инвестиция көлемі 150 миллион теңгені құрап отыр. Енді «Белизна-ПВ» ЖШС-нің өнімдері ірі дистрибьютерлік компаниялар мен сауда желілері арқылы сатылады. Компания елімізге әкелінетін өнімдерге қарағанда өз өнімдерін арзандау бағамен сатады. Ендігі үміт осы кәсіпорындардың алдағы уақытта шынайы түрде іске қосылып, лента қиған соң тоқтап қалмай, ел игілігіне жұмыс жасауында болып отыр. Олардың жұмысына сәттілік тілейміз.

Фарида БЫҚАЙ,

«Егемен Қазақстан».

Павлодар облысы.

Соңғы жаңалықтар