• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 04 Қараша, 2020

ҮЕҰ – ерекше қажеттіліктері бар балалардың аналарына көмектеседі

554 рет
көрсетілді

Ерекше қажеттіліктері бар балалардың аналарында көбіне кәсіби дамуға, қоғаммен араласуға мүмкіндік бола бермейді. "Мама про" қоғамдық қорында олар үшін тегін тренинг орталығы мен балалар бөлмесі бар коворкинг жұмыс істейді, деп хабарлайды Egemen.kz

"Аналар біздің тренингтік орталыққа оқуға келіп, сабақ уақытында балаларын тәрбиешілерге қалдырады. Түрлі диагнозы бар балалар келеді: аутизм, церебралды сал ауруы, Даун синдромы және т.б. Бұл ретте инклюзия орын алады. Себебі олар дені сау балалармен бірге жұмыс істейді", деп атап өтті "Мама про" ҚҚ құрылтайшысы Әсия Тикеева.Әйелдер қорында шешендік өнерден бастап, бухгалтерлік есепке дейін кәсіби қызмет түрлері оқытылады.

"Біз кәсіби коуч, тренерлермен жұмыс жасаймыз. Оқу барысында біз мақсат қоюды, шешендік өнерді, нишаны және аудиторияны таңдауды, СММ, копирайтинг, тайм-менеджмент, сату, есептеу, бухгалтерлік есеп, эмоциялық зияткерлік, компьютерлік сауаттылық пен дизайнды үйретеміз", деді Әсия Тикеева.Сонымен қатар, психологтар әйелдермен жұмыс істейді. Үш жыл ішінде ұйымда 300 адам оқыды."Путь мастерства" ҚҚ жүгіну арқылы психотерапиядан өтіп, табыс табатын жаңа кәсіпті игеруге мүмкіндік бар.

"Біз тоқыма өнерін тегін үйретеміз, оның көмегімен біздің түлектер табыс әкелетін кәсіпке машықтанады. Біз халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан мүмкіндігі шектеулі адамдармен, ерекше қажеттіліктері бар балалар аналарымен тегін жұмыс істейміз", деді Қоғамдық қордың басшысы Рахима Мұқышева.

Олар үшін тоқу тек табыс көзі ғана емес, сонымен қатар стресті жеңу тәсілінің бірі. Әсіресе, бұл сабақ көбіне пандемия кезінде ойды бөлуге жақсы көмектесті дейді ұйым өкілдері. ҮЕҰ 2019 жылдың желтоқсан айында ашылды және осы уақыт ішінде 100 адамды тоқыма өнеріне үйретті.

Бұған дейін хабарланғандай, елордада тегін құқықтық, психологиялық және медитативтік көмек алуға мүмкіндік беретін 20-ға жуық ҮЕҰ жұмыс істейді. Жалпы алғанда Нұр-Сұлтанда 2996 үкіметтік емес ұйым тіркелген. Идеяны жобаға айналдыру, оны іске асыру үшін белсенділерге Азаматтық бастамалар орталығында ақпараттық қызметтер, сондай-ақ құқықтық және қаржылық мәселелер бойынша кеңестер беріледі.