• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Оқиға Бүгін, 21:50

3000 шақырым жол: 76 жастағы ақсақал Ұлытаудан Парижге жаяу барды

30 рет
көрсетілді

Ұлытау өңірінің тұрғыны Сәрсенбай Қотырашов Париж қаласына дейін жаяу жетіп, арнайы марапатқа ие болды. Ол интернетте Ulytauman деген атпен танымал, деп хабарлайды Egemen.kz.

2026 жылдың 3 наурызынан бастап ол Сербия, Венгрия, Австрия, Германия және Франция елдері арқылы жаяу жүріп өтті. Барлығы 53 күн ішінде шамамен 3000 шақырым жолды еңсерді.

Парижде оны дипломаттар мен ЮНЕСКО өкілдері қарсы алды. Жол өте қиын болған: автобандармен жүруге тыйым салынғандықтан, ол көбіне орман жолдарымен және велосипед жолдарымен жүрген. Тіпті арбасы бұзылып қалған, бірақ өзі сапарын соңына дейін аяқтаған.

Ол 2022 жылы Қазақстанның 17 облысын жаяу аралап, 8000 шақырым жүрген. 2023 жылы Атыраудан шығып, Грузия арқылы Түркияның Стамбул қаласына жеткен. 2024 жылы Өскеменнен бастап, Алтай мен Моңғолия арқылы Қытайдың Пекин қаласына барған.

Еңбегі еленіп, оған «Спорт саласының құрметті қызметкері» атағы берілді.

Енді ол 2027 жылы АҚШ-ың 8 штатын жаяу өтіп шығуды жоспарлап отыр. Ол адамдарға күн сайын жүруге және өз-өзіне сенуге кеңес береді.

Соңғы жаңалықтар