• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Әлем 05 Қараша, 2020

«Этаның» екпіні қатты

195 рет
көрсетілді

Кариб те­ңі­зін­де бастал­ған «Эта» дауы­лының екпіні күшейіп ке­леді. Сарап­шы­лардың болжауынша, алдағы тәулікте долы жел одан сайын құтырып, оның деңгейі бесінші санатқа жетуі мүмкін. Дегенмен АҚШ Ұлттық орталығының хабарлауынша, «Эта» үйіріп соққанымен, жылжу қарқыны бәсеңдеу. Қазіргі таңда желдің жылдамдығы секундына 54 метрге жеткен. Соған қарамастан, дауылдың жылдамдығы кез келген сәтте артып кетуі ықтимал.

Жалпы, «Эта» Никарагуаға ғана бағыт алған жоқ. Сол себепті Орталық Америкадағы бірқатар мемлекет апатқа қарсы тұруға дайындықты бастап кетті. Мәселен, Никарагуада жағажайлар жабылса, Гондураста да дауыл туралы жаппай ескерту жасалды. Бұдан бөлек, Мексика, Панама секілді елдерде мол жауын-шашын болатыны хабарланды.

АҚШ Ұлттық орталығы жауын-шашынның мол түсуі салдарынан таулы аймақтарда көшкін жүріп, сел басу қаупі бар екенін жеткізді. Әсіресе Ямайка, Мексиканың оңтүстік-шығысы, Саль­вадор, Гаитидің оңтүстік бөлігі және Кайман аралдарында өзендердегі су деңгейінің көтерілуі әбден мүмкін.

Дауыл Никарагуа мен Гондурастың таулы аудандарына жетіп, содан кейін солтүстікке, Белиз жаққа қарай бағыт алмақ. Бірақ қазір дауылдың траек­ториясы мен қарқынын анықтау өте қиын. Айта кетерлігі, «Эта» – биылғы 28-ші дауыл. Осылайша, бір жылдағы дүлей желдің көрсеткіші бойынша рекорд жаңартылды.