• RUB:
    4.73
  • USD:
    511.22
  • EUR:
    540.05
Басты сайтқа өту
Аймақтар 05 Қараша, 2020

Жамбыл облысында театрлар мен мешіт жұмысына рұқсат етілді

304 рет
көрсетілді

Бұл туралы Жамбыл облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Салтанат Алибаеваның 5 қарашадағы № 40 "Жамбыл облысы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" қаулысында жазылған.

Екінші тоқсаннан бастап, қалалық және ауылдық аймақтағы контингенті 300 оқушыға дейінгі мектептер дәстүрлі оқу форматына көшіріледі. Алайда сыныптардағы балалардың саны 15-тен асырылмайды. Жалпы білім беретін мектептерде 1-5 сыныптар, халықаралық мектептерде 7 сыныпқа дейін кезекші кластарда оқытуға рұқсат етілді.

Сондай-ақ, күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық, маскалық, әлеуметтік қашықтық режимін сақтай отырып театрлар мен мешіттердің жұмыс істеуіне рұқсат берілді.