• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
22 Қараша, 2013

Бағдарламалар ел игілігіне қызмет етеді

217 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына Шы­ғыс Қазақстан облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың есебі келіп түсті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

 

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына Шы­ғыс Қазақстан облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың есебі келіп түсті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

Өз есебінде Б.Сапарбаев «Биз­нес­тің жол картасы-2020» және «Жұ­мыспен қамту жол картасы-2020» бағдарламаларының өңірдегі іс­ке асырылу барысы жөнінде мәлімдеген.

Шығыс Қазақстан облысының әкімі облыста «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында 3 мың жаңа жұмыс орны ашылғанын, сондай-ақ, 10 мыңнан астам жұмыс орны сақталғанын атап өтеді.

2013 жылы жалпы құны 4,1 млрд. теңге несиенің сыйақы мөл­шерлемесін субсидиялауға 60 өтінім мақұлданды. Кепілдік ұсынуға құны 1,2 млрд. теңге 8 несиелік өтінімге қолдау көрсетілді.

Жалпы, биыл облыста бағдар­ламаны іске асыруға 2,8 млрд. теңге, соның ішінде индустриялық инфрақұрылым қалыптастыруға 1,1 млрд. теңге бөлінген.

Бизнесті мемлекеттік қол­дау­дың бағыттары туралы кәсіп­керлерді ақпараттандыру жө­ніндегі жұмысқа өңірде айтар­лық­тай көңіл бөлініп отыр. Мысалы, биыл Кәсіпкерлерді қолдау және қызмет көрсету орталықтары ар­қылы 2256 шағын және орта бизнес субъектісіне 3463 ақпараттық-консультациялық қызмет көр­сетілді.

Есепке сәйкес, «Жұмыспен қамту жол картасы-2020» бағ­дар­ламасы бойынша 2011 жылдан қазіргі уақытқа дейін 4 мыңнан астам адам құны 9,7 млрд. теңгеден артық сома көлемінде шағын несие алды.

Шығыс Қазақстан облысының әкімі келешегі жоқ ауылдардан азаматтарды көшіру үшін экономикалық даму нүктелерінде тұрғын үй құрылыстары жүріп жатқанын мәлім етті. Мысалы, Зырянов қаласында 60 пәтерлі үйдің, Көкжайық ауылында екі пәтерлі 10 үйдің және Өскемен қаласының Шығыс кентінде 114 жеке тұрғын үйдің құрылысы аяқталды.

Сондай-ақ, бөлінген бюджеттік қаражаттар есебінен 68 әлеуметтік сала нысандарында, 37 тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық нысандарында және жергілікті маңызы бар 66 шақырым жолға жөндеу жұмыстары жүргізілді.

2011 жылдан бастап Жұмыс­пен қамту бағдарламасы аясын­да ­31 мың­­нан астам адам жұ­мыс­пен қамтыл­ды, ­он­ың 60%-ы – жас­тар. Жұмыссыздық деңгейі 2013 жыл­дың 3 тоқсанының қорытынды­сы бойынша 2010 жылғы 5,7 %-дан 5,0 %-ға дейін төмендеді.

Б.Сапарбаев есебінің соңында мемлекеттік бағдарламалар өңір тұрғындарының түрлі топтары тарапынан жан-жақты қолдау тауып отырғанын хабарлаған. Шығыс Қазақстан облысының әкімі бұл бағдарламаны одан әрі іске асыру қоғамда әлеуметтік тұрақтылықты сақтауға және азаматтардың әл-ауқатының артуына септігін тигізетінін атап өткен.

Соңғы жаңалықтар