• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Аймақтар 05 Қараша, 2020

Түркістан облысының 8 қала, ауданында ғана "Сервистік әкімдік" ашылған

131 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасының негізінде азаматтарға қолайлы, қолжетімді және жедел қызмет көрсететін  "Сервистік әкімдіктердің" Түркістан облысының 8 қала, ауданда ғана ашылған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Парасаттылық департаментінің басшысы Ғанижан Асанұлы ашықтықты қамтамасыз ететін сервистік әкімдіктің өңірдегі барлық қала, аудандарда ашылуы тиіс екенін  жеткізді. Облыс активімен өткен кездесуде.

Сыбайлас жемқорлық мәдениетін қалыптастыру мақсатында Түркістан өңіріне арнайы жұмыс сапарымен келген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің жанынан құрылған ақпараттық-үгіт насихат штабының төрайымы Ырза Тұрсынзада мен департамент басшысы Ғанижан Асанұлы алдымен облыс активімен кездесу өткізді. Қоғамдық бақылау  және азаматтардың қаржылық сауаттылығын арттыру мақсатында құрылған "Ашық бюджеттердің интерактивті картасында" Түркістан облысы бойынша мекемелердің жалпы соммасы 373, 6 млрд теңге бюджеті  жарияланған. Бұл орайда департамент басшысы жыл соңына дейін толық жариялануы бойынша ұсыныс-пікірін білдірді.

Киелі өңірге арнайы келген қонақтарға өз алғысын білдірген облыс әкімі Өмірзақ  Шөкеев рухани астана мәртебесін арқалаған Түркістанның сыбайлас жемқорлықтан ада, таза өңір ретінде танылуы тиіс екендігін жеткізді. Ал республикалық штаб төрайымы Ырза Тұрсынзада:  "Ұлт болып ұйысудың басты тетігі - рухани тәрбие, яғни адамзаттың бойында адамгершілік, адалдық, әділдік және парасаттылық сынды құны биік қасиеттер болса, сонда ғана сыбайлас жемқорлық сияқты теріс құбылыстың қоғам өмірінде жолы кесіледі",  деп атап өтті. 

Агенттіктің Түркістан облысы бойынша Департаментінің басшысы Хаким Көшқалиев, облыстық әкімдіктің бөлім басшылары мен қызметкерлері, облыстық мәслихат депутаттары, аумақтық департамент басшылары, облыстық ақпараттық-үгіт насихат штабының төрағасы, арнайы мониторингтік топ мүшелері, үкіметтік емес ұйым және БАҚ өкілдері қатысқан жиында, сондай-ақ халықпен сындарлы сұхбат құру және парасаттылық құндылықтарына көбірек көңіл бөлу,  жемқорлық көріністерін қабылдамау арқылы адал еңбек ету – әрбір ел азаматына жүктелген ортақ міндет екендігі айтылды.  

 

 

Түркістан облысы