Бүкіләлемдік сауда ұйымына кіру үшін Қазақстан ауылшаруашылық саласын дамытуды қолға алып отыр, игі істің бастамасы ретінде Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің ұйымдастырумен «Семей Агро-2013» көрмесі ұйымдастырылуда деді ректордың көмекшісі Зейнолла Тоқаев облыстағы агробизнес өнімдерінің көрмесі ашылу барысында.
Бүкіләлемдік сауда ұйымына кіру үшін Қазақстан ауылшаруашылық саласын дамытуды қолға алып отыр, игі істің бастамасы ретінде Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің ұйымдастырумен «Семей Агро-2013» көрмесі ұйымдастырылуда деді ректордың көмекшісі Зейнолла Тоқаев облыстағы агробизнес өнімдерінің көрмесі ашылу барысында.
Еліміз бойынша тұңғыш рет қолға алынып отырған көрменің тұсауын кескен Ресей мемлекеттік аграрлық университеті, зооветеринария факультетінің деканы Юсуп Юлдашпаев университет ректоры, саясаттану ғылымдарының докторы Шәріпбек Әмірбековке қолға алған жұмыстарына, уақыт талабына сай іргелі мамандар дайындап шығаруларына табыстар тілеп, келер жылы да ел экономикасына үлес қосар осынау көрменің жалғасын табатындығына сенім білдірді. Бұл жерден трактор, тіркеме сияқты қажетті техникаларды, ауылдардан жеткізілген төрт түлік малды, құстарды және тағы басқаларын тамашалауға болады.
Көрменің ашылу салтанатына облыстық ауылшаруашылық басқармасының бастығы Дүйсенбай Селиханов қатысып, осы жиынға алыстан ат арылтып келген үлгілі шаруа қожалықтарына алдағы уақытта қаржылай және басқа да жағынан көмек болатындығын айтты. Қаладағы «Үсен» шаруа қожалығының төрағасы Ғаббас Құсайыновтың айтуынша, қой малын асылдандыруды қолға алу – абзал іс. Шаруа қожалықтары мен жекеменшіктегі малдардың сапа жағынан бір-бірінен кем түспей, бірыңғай жоғары деңгейде болғаны маңызды. Мұнда Абай ауданы 36 бас қой малын, ал Семейдің «Шөптіқақ», «Азат», «Лазарев», «Мұқинов» қожалықтары 12 бас жылқы әкелсе, Бородулиха, Бесқарағай аудандары 18 бас ірі қара жеткізіпті. Семей ет комбинатының шұжықтары мен Бройлер фабрикасының құс еті өнімдері де осы жерде.
Көрмеге қатысқандар ауылшаруашылық өнімдерін қалай жақсартамыз, мал басын қалай көбейту керек міне, осы тақырыптарда пікір алмасты. Агроөнеркәсіпті дамыту ел саясатының маңызды бөлігі. Сондықтан да универститеттің 60 жылдық тарихы бар аграрлық факультетінің осынау көрмесін ұйымдастыруға атсалысқан қала әкімі Айбек Кәрімов өзі түлегі болған оқу орнының мамандарды даярлаудағы еңбектерін ерекше атап өтті. «Алдағы уақытта Семейге Астана, Алматы, Қостанай, Орал, Павлодар қалаларынан студенттер келіп, мал және егін шаруашылығын игеруге байланысты білімдерін кеңейтпек. Бұған университет қолға алып отырған академиялық ұтқырлық бағдарламасы көмегін тигізбек», – деді аграрлық факультет деканы Болатбек Көжебаев. – Себебі, қазір елімізде ауылшаруашылық техника, технология саласы мамандары тапшы болып отыр. Студенттер ет және сүт технологиясы, ауылшаруашылық өнімдерін өңдеу бойынша Семейде маманданатын болады.
Раушан НҰҒМАНБЕКОВА.
СЕМЕЙ.
Суретті түсірген автор.