• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
22 Қараша, 2013

Әскери аэродромдар жаңғыртылуда

283 рет
көрсетілді

Талдықорған гарнизонындағы әскери аэродромның ұшу-қону жолағын қайта құрылымдау жұмыстары жалғасуда. Құрылыс жұмыстарының барысымен Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-майор Бағдат Майкеев танысып қайтты.

Талдықорған гарнизонындағы әскери аэродромның ұшу-қону жолағын қайта құрылымдау жұмыстары жалғасуда. Құрылыс жұмыстарының барысымен Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-майор Бағдат Майкеев танысып қайтты.

Өткен ғасырдың 70-жылдарының басында пайдалануға берілген авиабазаны толық қайта құрылымдау тұңғыш рет жүргізіліп отыр. Жаңа ұшу-қону жолағына арнайы темір-бетонды тақталар төселмек. Олар артық салмаққа төзімді әрі қауіпсіз. Сондай-ақ, оны пайдалану мерзімі де ұзаратын болады. Жөндеу жұмыстары барысында жолақтың ені мен ұзындығы да ұлғаяды.

– Қорғаныс министрі авиабазалардың жағдайына барынша көңіл аударуда және барлық әскери аэродромдарға жаңғырту жүргізу туралы тапсырма берді. Қосымша жөндеу мен эксплуатацияны қажет ететін әскери аэродромдардың барлық ұшу-қону жолақтары авиацияның заманауи талаптарына сай қайта өңдеуден өтуі керек. Себебі, бұл әскери аэродромдардың ұшу-қону жолағына жойғыш ұшақтар, шабуылдаушы ұшақтар, бомбалаушы және көптонналы көліктік ұшақтар қонады, – деп атап өтті генерал-майор Бағдат Майкеев. Ол, сонымен қатар, жауынгерлік ұшақтар мен тікұшақтардың ұдайы әзірлігін қамтамасыз ететін аэродром жолдарының сапалы құрылысының стратегиялық маңызы бар екенін де айтты.

Қорғаныс министрінің орынбасары Әскерлерді пәтерлерге орналастыру бас басқармасының басшысы полковник Ильдар Гиниатулинге құрылыс жұмыстарын ағымдағы жылдың аяғына дейін аяқтауды тапсырды. Жүргізілген жұмыстардың сапасына көңілі толатынын жеткізді.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, «Тал­ды­­қорған» аэродромы қайта жөндеуден өт­кен соң Қазақстан әскери-әуе күштері әс­кер тегінің жауынгерлік қабілеті мен мем­­­лекеттік авиацияның ұшу қауіпсіздігін арт­тыратын жаңа құралдармен жарақтанған заманауи аэродромға иелік ететін болады. Аэродромдар желісін жөндеуге мемлекет­тен бөлінген қаражат ұшу қауіпсіздігі мәсе­ле­леріндегі маңызды бағыт болып табылады.

«Егемен-ақпарат».

Соңғы жаңалықтар