• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
22 Қараша, 2013

Жүгенсіз жігіттер жерлесін тірідей өртеп жіберді

300 рет
көрсетілді

Қызылордада адамды тірідей өртеп өлтірген үш қылмыскерге үкім шықты. Бұл оқиға туралы облыстық прокуратура басқармасының аға прокуроры, кіші әділет кеңесшісі Ермек Құтыбаев айтып берді.

Қызылордада адамды тірідей өртеп өлтірген үш қылмыскерге үкім шықты. Бұл оқиға туралы облыстық прокуратура басқармасының аға прокуроры, кіші әділет кеңесшісі Ермек Құтыбаев айтып берді.

«Үстіміздегі жылғы 16 мамыр күні сағат 12-де Қармақшы ауданының орталығы – Жосалы кентінде жеке таксиші Е.Есетов жолаушы С.Жүсіповті межелеген жеріне апарып тастайды. Бірақ жолай танысып алған екеу тоқтаған соң бірге арақ ішуге келіседі. Сосын жолаушы жігіт сатып әкелген бір бөтелкені екеуі қылдай бөліп ішіп алады. Осыдан кейін қызып алған екі жігіт ішуді жалғастырмақ болады. Сөйтіп, таксиші өзінің С.Шәйкенов және Б.Қуаңбаев деген тағы екі жолдасын көлікке мінгізеді», – деді ол.

Ақырында орталары төртеуге толған жігіттер кенттегі бір бау-бақшаның ішіне барып, ащы суды тағы шайқап ішеді. Сол жерде кейін келгендердің бірі – С.Шәйкенов пен С.Жүсіповтің арасында жанжал туады. Кикілжің көліктегі магнитофонды өшіріп келуден басталады. Сол жұмыс үшін бұлар С.Жүсіповті жұмсайды. Ал ол бұған: «Мұнда менен де кішілер отыр ғой», деп қарсылық көрсетеді. Оның мұнысы Е.Есетовке де ұнамайды. Жұртты иіріп отырған С.Шәйкеновке жағымпазданған ол күтпеген жерден өзінің жолаушысын бас­пен ұрып құлатады. Сол-ақ екен, бір-бірлерін бұрыннан жақсы білетін үш жігіт соңғы таныстарын жабылып ұрып тастайды. Оны ұру бірнеше кезекке жалғасады. Соңынан сол маңда жүрген біреулердің айқай салуымен бұлар шалажансар жатқан жігітті көліктің артқы орындығына салып алып, кенттің сыртына апарып тастайды.

Бірақ аудан орталығына қайта оралған соң олар ақылдаса келіп, таяқ жеген куәні тірі қалдырмауға келісім жасайды. Сөйтіп, үш жендет жаралы жігіт қалған жерге қайта барып, оны өлтіруге кіріседі. Бұл үшін олар марқұмға үш рет пышақ салады да, есінен танып жатқан оның үстіне от қояды…

Осы қылмыстары үшін қылмыскерлер 18 жылдан бас бостандықтарынан айырылды. Олар бұл жазаны қатаң режімдегі түзеу колониясында өткізеді.

Құрыш НҰРЫМБЕТ.

Соңғы жаңалықтар