• RUB:
    5.51
  • USD:
    475.37
  • EUR:
    514.97
Басты сайтқа өту
Әлем 09 Қараша, 2020

БАӘ некесіз бірге тұруға және алкоголь тұтынуға рұқсат етті

1665 рет
көрсетілді

Біріккен Араб Әмірліктерінің билігі азаматтарға некеден тыс бірге тұруға, алкоголь өнімдерін тұтынуға және суицидке барған адамдарға жаза қолдану туралы заңды алып тастады, деп хабарлайды Egemen.kz

Сенбіде БАӘ президенті Халифа бин Зейд әл-Нахайян жеке мәртебе және азаматтық-құқықтық қатынастар заңдары және қылмыстық іс жүргізу кодекстерінің бірнеше ережелеріне түзетулер енгізуді мақұлдады. Атап айтқанда, "абыройды қорғауға арналған қылмыс" деп аталатын қылмысты жеңілдетуді көздейтін бап жойылды.

Түзетулер мақұлданғаннан кейін БАӘ-де алкогольді ішімдік ішу қылмыстық жауапкершілікке жатпайды. 21 жастан асқан азаматтарға енді жеке немесе белгілі бір қоғамдық орындарда алкогольді ішуге рұқсат етіледі. Бұған дейін БАӘ-де алкогольді ішуге және сатып алуға туристер мен шетелдік азаматтар 21 жастан асқан және мұсылман болмаса ғана рұқсат етілген.

Сонымен қатар, басылым мақұлданған түзетулер суицидке әрекет жасағаны үшін қылмыстық қудалауды алып тастап, некеде тұрмаған жұптардың бірге өмір сүруіне мүмкіндік беретіндігін атап өтті.