• RUB:
    5.51
  • USD:
    475.37
  • EUR:
    514.97
Басты сайтқа өту
Коронавирус 09 Қараша, 2020

АҚШ COVID-19 жұқтырғандар саны 10 миллионнан асқан алғашқы ел

121 рет
көрсетілді

Америка Құрама штаттары әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 10 миллионнан асқан алғашқы ел болды, деп хабарлайды Egemen.kz Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

АҚШ-та соңғы жеті күнде 105 600 коронавирус жағдайы тіркелді. Бұл кез келген басқа елден әлдеқайда көп. Жұқтырғандар санының өсімі 29 пайыз болды - Үндістан мен Францияның көрсеткіштерінің қосындысы. 

Ал дүние жүзі бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 50,2 миллионнан асты. 

Елде қарашаның алғашқы аптасында 10,5 миллионға жуық тест жасалған. Оның 6,22 пайызы оң нәтиже көрсетті.

Сондай-ақ, дереккөз мәліметінше, Нью-Йоркте 33 000 мың адам қайтыс болды және бұл АҚШ-тағы жалпы өлімнің 14 пайызы.