• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
23 Қараша, 2013

Жер жәннатының жемісі

322 рет
көрсетілді

Кеше Астанада Орталық коммуникациялар қызметінің ұйымдастыруымен Алматы облысына арналған баспасөз мәслихаты болып өтті. Оған облыстың әкімі Аңсар Мұсаханов қатысты. Ол журналистерді аймақта атқарылып жатқан жұмыстармен және шешімін күткен өзекті мәселелермен таныстырды.

 

Кеше Астанада Орталық коммуникациялар қызметінің ұйымдастыруымен Алматы облысына арналған баспасөз мәслихаты болып өтті. Оған облыстың әкімі Аңсар Мұсаханов қатысты. Ол журналистерді аймақта атқарылып жатқан жұмыстармен және шешімін күткен өзекті мәселелермен таныстырды.

Баспасөз мәслихаты басталмас бұрын Алматы облысының әкімшілігі журналистер қауымына таныстыру үшін әкелген арнайы көрмесін ұсынды. Көрмеде облыстың барлық дерлік кереметтері мен ғажайыптары орын алған. Онда өңірдің тарихынан, мәдениетінен, әдебиетінен, облыс аумағындағы сұлу-әсем табиғат туралы сыр шертетін туындылар бар. Сондай-ақ, көрмеде облыстың экономикалық әлеуеті мен жүзеге асырылып жатқан ірі өндіріс ошақтары да көрініс тапқан. Жалпы, Алматы облысының еліміздегі орны мен маңызы туралы арнайы айқармадан оқисыздар. Ал біз баспасөз мәслихатының сұрақ-жауапқа арналған екінші бөлімі туралы жазбақпыз.

Алматы облысы еліміздегі жер көлемі үлкен және халқының саны жағынан да алдыңғы қатарда тұрған өлке екені мәлім. Облыс Қытай және Қырғызстанмен шекараласады. Бұған қоса, елдегі ең ірі мегаполис – Алматы қаласы осы облыстың аумағында. Тәуелсіздіктің бойтұмары болған алғашқы алтын адам да Алматы облысының аумағынан табылғаны аян.

Алғашқы сұрақ Қызылағаш су қоймасына қатысты қойылды. Тілшінің білгісі келгені аталған су қоймасы 2010 жылы қалпына келтірілмеген екен. Соның салдарынан суармалы су тапшылығы орын алыпты. Нәтижесінде, фермерлер егіс алқаптарын 5 есеге дейін қысқартуға мәжбүр болыпты. «Бұл сауалды мен өзім одан әрі тереңдете жауап берейін. Облыста жалпы 911 мың гектар егіс алқабы бар. Біз, керісінше, егіс алқаптарын 24 мың гектар жерге ұлғайтқанымызды айтқым келеді. Ал Қызылағаш су қоймасына тоқталар болсам, қазіргі таңда ол кешеннен су беріліп жатқан жоқ. Біз аталған қойма республикалық баланста болғандықтан ол туралы тиісті құжаттарды су шаруа­шылығы комитетіне тапсыр­ған­быз. Қазіргі күнде ол жаққа 16 шақы­рым­дық электр желісі тартылып, жолы толық салынып біт­кен. Біздегі мәліметтер бойын­ша, бұйыртса, келесі жылы Қызыл­ағаш су қоймасы толық қалпы­на кел­ті­ріліп болады», деді А.Мұсаханов.

Әдебиетіміз бен мәде­ние­тіміздің үлкен шаңырақтары Алматыда болғандықтан, онда­ғы шығармашыл ақын-жазу­шы­лардың хал-жағдайы туралы да сұрақ қойылды. Әкімнің сөзіне қарағанда, облыста ақын-жазушылардың шығармашылығын түрлі жолмен қолдау мақсатында жергілікті бюджеттен жыл сайын 60 млн. теңге ақша бөлініп тұрады екен. Бұл ізгі шара жалғасын таба бермек. Алматы облысының автожолдарында қайғылы көлік оқиғалары жиі орын алатыны да журналистер назарынан тыс қалмады. Биылғы жылдың өткен он айында аталған өңірде жолдардағы көлік апаттарынан 427 адам қаза тауып, 2000-ға жуық жолаушы түрлі жарақаттар алыпты. Бұл қазалы оқиғаларды өкінішпен еске алған облыс әкімі олардың түрлі себептерін тарата айтып берді. Осынау қайғылы оқиғаларды болдырмаудың амалы ретінде автожолдарды жөндеуден өткізумен қатар, республиканың әр қалаларына әуе арқылы қатынасты дамытып, ұшақ санын көбейтіп жатқандарын, сондай-ақ, қауіпсіз саналатын теміржол қатынасында да жолаушы пойыздарының вагон санын арттырғандарын айтты. Бүгінгі күнде Алматы–Талды­қорған қалаларының арасын қоса­тын автожол күрделі жөндеуден өтіп жатқаны мәлім. Республикалық деңгейдегі бұл автожолдың жөндеуіне қазірдің өзінде 11 млрд. теңге бөлінген. Ал толық аяқталуына дейін 67-68 млрд. теңге жұмсалуы ықтимал.

Әкімге қойылған келесі сұрақ облыстағы қант қызылшасы өсірілетін егіс алқаптарының неге 5 есе қысқарғанына қатысты болды. Сондай-ақ, биыл қызылша өсіріп, өндірген диқандар өнімінің әр тоннасын бар-жоғы 6 мың теңгеден ғана өткізуге мәжбүр болып отырған көрінеді. Осыған орай, қант қызылшасын өсірудің көлемін сақтап қалу үшін мемлекеттен субсидия қарастырыла ма?» деген сұрақ қойылды. «Алматы облысы қант қызылшасын ең көп өсіретін өңірлердің бірі болған. Бірақ біз оның көлемін қысқарттық. Нақты айтсам, өткен жылы қант қызылшасы 14 мың 400 гектар жерге егілген болса, биыл оның көлемі 3 мың 900 гектарға дейін азайды. Себебі, қант қызылшасын қайта өңдейтін зауыттардың технологиялары әбден тозған. Соның салдарынан өнімдеріміз сатылмай қалып жатыр. Яғни, нарықтағы бәсекелестікке төтеп бере алмай тұр. Бұған қоса, диқандар майлы дақылдарды көптеп өсіре бастады. Оның себебі, сояның бір келісінің құны 95-100 теңгеге дейін шығып жатыр. Сондай-ақ, сояны өсіру ісі де айтарлықтай жеңіл. Десем де, қызылша мәселесін Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірге қарастырып жатырмыз. Ол біздің назарымызда», – деді облыс әкімі.

Журналистер тарапынан ай­мақ­тағы әлеуметтік-эконо­ми­ка­лық жағдай мен ұлтаралық саясатқа қатысты көптеген сұрақ­тар қойы­лып, соның бәріне тия­нақ­ты жауап берілді.

Нұрбай ЕЛМҰРАТОВ,

«Егемен Қазақстан».

Соңғы жаңалықтар