2020 жылғы 10 қарашадағы жағдай бойынша COVID-19 белгілері бар пневмониямен өткен тәулікте 11 жағдай тіркелді, 1 жағдай өліммен аяқталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бір тәулік ішінде 21 адам жазылып шыққан.
2020 жылдың 1 тамызынан бастап:
Науқастар саны – 39 115, өлім жағдайлары - 410, барлығы 29 203 адам сауығып шықты.
Айта кетейік, Қазақстанда өткен тәулікте 326 адам коронавирус індетінен емделіп шықты.