• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Аймақтар 10 Қараша, 2020

Алматыда мейрамханалардың жұмыс уақыты қысқарды

134 рет
көрсетілді

Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин онлайн брифинг барысында мейрамханалардың жұмыс уақыты бір сағатқа қысқарғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz

"Қазір қалада ауру жұқтыру дерегі көбейіп жатыр. Осыған байланысты біз мейрамханалардың жұмыс уақытын қысқарту туралы шешім қабылдадық. Алдыңғы қаулыға өзгерту енгіздік. Мейрамханалардың жұмыс уақытын 1 сағатқа шегердік. Бұл сақтық шараларын күшейту үшін. Сонымен қатар бұл тұрғындардың қоғамдық орындарға аз баруы үшін жасалып отыр", дейді Жандарбек Бекшин.

Оның айтуынша, Алматыда қыркүйек, қазан айларында коронавирус жұқтыру дерегі азайған еді. Алайда қарашаның алғашқы күнінен бастап, ауру өсімі байқалып отыр. Егер осыған дейін тәулігіне коронавирус жұқтырудың 10 дерегі тіркелсе, қазір 24-30 анықталып жатыр.