• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Оқиға 11 Қараша, 2020

БҚО-да әкім "жолдағы елес үшін" құрбандық шалды

4261 рет
көрсетілді

БҚО-да ауыл әкімі мен ақсақалдар жол бойында көрінетін елес үшін құрбандық шалды, деп хабарлайды Egemen.kz

Қаратөбе ауданындағы кішкентай Ханкөл ауылының тұрғындары өз ауылының маңында сары шашты әйелдің елесі пайда болды деп алаңдаулы. Ол адамдарды қорқытады. Жергілікті тұрғындар тіпті жын-перілерден арылу үшін садақа беріп, құрбандық шалу рәсімін де жасады.

"Сары шашты жас әйел трассада қыдырып жүр. Адамдар одан қатты қорқады, тіпті ер адамдар қорқып жолдан өте алмай жүр", дейді жергілікті тұрғындар.

Тағы бір тұрғынның айтуынша, сары шашты әйел көліктегі жүргізушілердің қасына отырып, рульді басқаруға кедергі келтірген.

Кейінгі күндері желіде "Ханкөлдегі елеске" қатысты видео да пайда болды. Дегенмен бұл видеоның қаншалықты шындыққа  жанасатыны әлі анықталмады. Назарларыңызға Tengrinews.kz сайты жариялаған видеоны ұсынамыз