• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Қаржы 12 Қараша, 2020

Балалардың қаржы секторына қызығушылығы басым

329 рет
көрсетілді

Белгілі қаржы сарапшысы, «Балалар мен жасөспірімдерге арналған қаржылық сауат» курсының авторы Анель Шәкенова Халықаралық Инвесторлар апталығының спикері ретінде отбасылық қаражат туралы маңызды ақпаратпен бөлісті. Бұл туралы «Астана» халықаралық қаржы орталығы хабарлады.

Анель Шәкенованың айтуынша, бүгінде таңда балалар үшін ақша тақырыбы өте қызықты. Қаржыгер қа­зақ­стандық отбасыларда ақша және қаражат туралы ақпарат көп талқылан­бай­тынын айтады. Алайда балалар ересектер арасында жиі талқыланатын доллар бағамы мен ақшаның құн­сыз­дануы туралы білгісі келе­ді.

– Сондықтан ата-аналар үйде ұл-қыздарына қаражат, инфляция және эмоционалды сауданың не екенін айтып, түсіндіріп отырғаны дұрыс, – деді А.Шәкенова.

Қаржылық сауат курсы­ның авторы өз отбасында қаражат жаратудың іс жүзінде қалай орындалатынын түсіндірді. Ата-ана ретінде ол жұбайымен үйдегі шаруалар мен оқуын жақсы оқығаны үшін балаларына еңбекақы беріп отыратынын жеткізді. Бұған қоса олимпиада мен түрлі жарыстарға қатысып жүлдегер атанғаны үшін, сондай-ақ бір тоқсанда үздіктер қатарынан орын алғаны үшін балалар қар­жы­лай бонус алады екен. Ерекшелігі сол, курс авторы жолдасы екеуі еңбекақы мен бонусты балаларының қайда жұмсағаны туралы сұрамайды. Яғни қаражатты игеру құқығы толықтай балалардың өз еркінде. Маманның сөзіне сүйенсек, осылайша жас буының қар­жы­­лық жауапкершілігі қа­лып­тасады.

Ал оларды ересек өмірге дайындау ретінде бизнеске немесе жұмысқа тарту да балаға үлкен әрі маңызды тәжірибе болады.

– Үлкен балаларымды бизнесіммен таныстыру екі жаққа да пайдасын тигізді, –деді қаржы сарапшысы.

Маманның айтуынша, жастардың технология мен шет тілін тез меңгеру қабілеті оларға көп артықшылық бе­ре­ді. Осылайша, кішкен­тайы­­­нан жаңа кәсіпті креа­тив­ті ба­ғытта дамытуға болатынын, алайда қаражат жа­ғын­да тұрақсыздық болуы мүм­кін екеніне олар ерте бас­тан көз жеткізеді.

Ал белгілі бір қызметке орналасу қаражат жағынан қо­лайлы болғанымен, тұлға­лық қабілетті танытуда күр­де­лі болып келетінін жіті түсі­нетін болады деді курс авто­ры.

Қаржыгердің тәжірибесі көр­сеткендей балаларға еңбек­­ақы бөлу, оларды қас қақ­п­ай бақылап отыруды тоқ­тату көмектің бір тетігі болса, бизнеспен таныс­ты­ру, иә болмаса жұмыс ба­рысын көрсету өмірге дайын­дық жолының тағы бір баспалдағы болатыны күмәнсіз.