• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Ауа райы 12 Қараша, 2020

Еліміздің 11 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

216 рет
көрсетілді

"Қазгидромет" РМК деректері бойынша еліміздің 11 өңірінде дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz

12 қарашада Шымкент қаласында жауын-шашын (жаңбыр, қар), желдің екпіні секундына 15-20 метрге күшейеді.

Ақтөбе облысында тұман, көктайғақ, бұрқасын болады.

Шығыс Қазақстан облысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман, көктайғақ, боран, желдің екпіні секундына 15-20, 23-28 метрге күшейеді.

Жамбыл облысында тұман, көктайғақ, желдің екпіні секундына 15-20, 23-28-30 метр және одан да көп, таулы аудандарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі.

Батыс Қазақстан облысында тұман, көктайғақ, желдің екпіні секундына 15-20 метрге күшейеді.

Қарағанды облысында қатты жауын-шашын (қар, жаңбыр), тұман, көктайғақ, бұрқасын, желдің екпіні 15-20, 23-28 метрге күшейеді.

Қостанай облысында тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі, желдің екпіні 15-20 метр күшейеді.

Қызылорда облысында көктайғақ, желдің екпіні секундына15-20 метр.

Павлодар облысында қатты жауын-шашын (көбіне қар), тұман, көктайғақ, бұрқасын, желдің екпіні 15-20, 23-28 метр күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысында тұман, көктайғақ, бұрқасын болады, желдің екпіні секундына 15-20 метрге күшейеді.

Түркістан облысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), кей жерлерде тұман, желдің  екпіні 15-20, 28 метрге дейін күшейеді.