• RUB:
    5.03
  • USD:
    492.22
  • EUR:
    529.38
Басты сайтқа өту
Қоғам 12 Қараша, 2020

Мемлекеттік бағдарламалар бойынша пәтер алып беремін деген алаяқ ұсталды

349 рет
көрсетілді

Алматы қаласында кезекті алаяқ ұсталды. Ол әрбір жәбірленушіден 750 мың теңгеге жуық ақша қаражатын қолды еткен, деп хабарлайды Egemen.kz

29 жастағы жігіт өзінің таныстарына баспана мәселесін тез шеше алатындығы туралы айтқан. Өзінің қызметі үшін шамамен 1 500 АҚШ долларын талап еткен. Қазіргі уақытта оған 20 қылмыстық эпизод бойынша айып тағылып отыр.

– Күдікті азамат өзін ипотекалық ұйымдардың бірінің қызметкері ретінде көрсете отырып, өзінің құрбандарына пәтер алып бере аламын немесе мемлекеттік бағдарламалар бойынша баспана алу кезегін жеделдетемін деп сендірген. Көрсеткен қызметі үшін ол 750 мың теңгеге жуық ақшалай сыйақы талап еткен. Ол "қызметтің күрделілігіне" байланысты әркімнен әртүрлі сомалар алған. Алаяқ қылмыстық жолмен табылған ақша қаражаттарын өз пайдасына жаратқан. Қазіргі таңда күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оған қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабымен (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу әрекеттері жүргізілуде. Осы адамның қылмыстық іс-әрекеттерінен зардап шеккен азаматтарға 254-48-02, 254-48-09 нөмірлері бойынша хабарласуын сұраймыз, – деді Медеу аудандық Полиция басқармасының бастығы Дәурен Өтебаев.

Соңғы жаңалықтар