• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Туризм 12 Қараша, 2020

Өркен Бисақаев: Бозжыра шатқалындағы құрылысқа бірде-бір тұжырымдама бекітілген жоқ

301 рет
көрсетілді

Еліміздің Мәдениет және спорт вице-министрі Өркен Бисақаев Маңғыстау облысындағы жұмыс сапары барысында Бозжыра шатқалындағы құрылыстың туризм аймағына айналатынын жеткізді, деп хабарлайды Egemen.kz

Өркен Бисақаев 2020 жылдың шілдесінен бастап аймақта келушілердің көбейгені байқалатынын және бұл туризмді дамытудың келешегі зор екенін айтып өтті.

"Бүгінде Rixos қонақүйінен басқа танымал бағыттардың бірі Бозжыра шатқалы. Біздің есептеуімізше, келушілер саны өткен жылмен салыстырғанда кем дегенде 10 есеге өскен. Онда кемінде 2000 адам барған. Келесі жылға болжам: Бозжыра аймағына кемінде 10 000 адам келуі керек", деді Өркен Бисақаев жұмыс сапары аясында.

Вице-министр Бозжыра шатқалында инфрақұрылымды ретке келтіру мен ондағы туристердің тыныс-тіршілігі мен қауіпсіздігі мәселелерін шешу бойынша шаралар кешенін қамтамасыз ету талап етілетінін атап өтті.

"Бозжыра жеріндегі құрылыс мәселесі қоғамдық талқыдан, экологиялық сараптамадан, оның ішінде қоршаған ортаға әсерін бағалау жұмыстарынан өтуі тиіс. Қазіргі таңда қонақүй құрылысы жоспарланбаған, бірде-бір тұжырымдама бекітілген жоқ", деп түйіндеді Өркен Бисақаев

Өркен Бисақаев жағдайды түсіндіріп, экономикалық қажеттіліктер мен экологиялық процестерді сақтау арасындағы теңгерім маңызды екенін атап өтті.

"Бозжыра аумағын қарап шыққанда, онда қозғалыс мүлдем еркін екенін, яғни адамдар мен автокөлік еркін жүре алатынын және жер бедері қандай да бір арнайы дайындықты талап етпейтінін көрдік. Біздің ойымызша, жергілікті ауданға адамдар көп келе бастағанда аймаққа қауіп төнеді. Таудың өзі емес, топырақтың ерекшелігіне байланысты әсіресе іргелес тұрған бөлігі осал болуы мүмкін. Сондықтан келушілердің ағынын реттеп, басқару үшін туристерді Бозжыра тауына жақын жерде қабылдайтын туристік объектілер мен автокөліктердің қозғалысы үшін жолдар қажет", дейді вице-министр.

Бозжыра "Жабай ұшқан" жергілікті маңызы бар қорықшасының аумағында орналасқан. "Жабай ұшқан" Маңғыстау облысы әкімінің 2012 жылғы қаулысына сәйкес құрылған және облыстың табиғи ресурстар және табиғат пайдалану басқармасының "Қызылсай" мемлекеттік өңірлік табиғи паркіне жатады.