• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 12 Қараша, 2020

Маңғыстауда "Пәтер" іс-шарасы өткізілді

389 рет
көрсетілді

Маңғыстау облысы аумағында қараша айының 8-10 күндері аралығында "ПӘТЕР" жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді, - деп хабарлайды Egemen.kz

Аталған іс-шараның негізгі міндеттері пәтерлер мен үй иеліктерінен ұрлыққа байланысты қылмыстардың алдын алу, жолын кесу және ашу болып табылады. Шара кезінде полицейлер халық арасында өз мүліктерін сақтау туралы түсінік жұмыстарын жүргізді.

Үшкүндік шара барысында барлығы 9 пәтер ұрлығы ашылды, оның 3 қылмысы өткен жылдардағы пәтер ұрлығы. Ашылған қылмыстардың 4 ауыр дәрежедегі қылмыстар.  Нақтырақ айтатын болсақ, Ақтау қаласы бойынша 4 қылмыс, оның ішінде 2 ауыр дәрежедегі пәтер ұрлығы, Жаңаөзен қаласы бойынша өткен жылғы 1 қылмыс ашылды. Аудандар бойынша 4 қылмыс деректері ашылды: Мұнайлы – 2 ауыр дәрежедегі пәтер ұрлығы қылмысы, Қарақия – өткен жылғы қылмыс, Бейнеу – өткен жылғы 1 қылмыс.

Сонымен қатар, Маңғыстау ауданымен 3 пәтерден болған ұрлық қылмыстары анықталып тіркеліп ашылды. Мәселен, "Пәтер" жедел алдын алу іс-шарасын өткізу кезінде Ақтау қаласында пәтер ұрлығы ашылды. Ағымдағы жылдың қазан айының 3-інен 4-іне қараған түні белгісіз адам есіктің ашық тұрғанын пайдаланып, пәтерге кіріп, "Huawei" маркалы ұялы телефонын жатын бөлмесінен ұрлап кеткен. Күдікті ұсталып, оның жеке басы анықталды. Ол Жаңаөзен қаласының тұрғыны болып шықты. Қазір ұсталған азаматқа қатысты ешқайда кетпеу туралы бұлтартпау шарасы қолданылды.

Маңғыстау облысының полиция басшысы Жанарбек Бақтыбаев азаматтарды қырағы болуға және өз мүлкінің сақталуын қамтамасыз ету шараларын сақтауға шақырады. "Көптеген қылмыстарды жасауға ықпал ететін факторлар жәбірленушілердің өз мүлкіне жауапсыз қарауы, сондай - ақ олардың шектен тыс сенушілігі болып табылады", - деп атап өтті Бақтыбаев.

 

 

Маңғыстау облысы