• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Елорда 12 Қараша, 2020

Елордада "Халықтық қатысу бюджеті" жобасын кеңейту талқыланды

408 рет
көрсетілді

Нұр-Сұлтан қаласының IX Азаматтық форумы аясында мемлекеттік мекемелер қызметкерлері мен жұмысы жергілікті бюджетті қалыптастырумен және атқарумен тікелей байланысты азаматтық белсенділер "Халықтық қатысу бюджеті" жобасының бағыттарын кеңейтуді талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігіне сілтеме жасап.

"Халықтық қатысу бюджеті» бюджет қаражатын жұмсау бойынша басымдықтарды қалыптастыруға жұртшылықты тартудың перспективалық тетігі болып табылады. Бұл механизм алғаш рет Сарыарқа ауданында енгізілді. Биыл оған елордадағы басқа да аудандар қосылды. Біз барлық қала тұрғындарына осы тетіктің мүмкіндіктері бойынша ақпаратқа тең қолжетімділік қамтамасыз етілуі тиіс деп есептейміз", дейді "Социум-зерттеу" стратегиялық орталығы" ҚБ төрайымы Алтынай Нұркеева.

Оның айтуынша, бірінші кезекте, барлық аудан әкімдіктеріне ресми сайттарда арнайы бөлімдер құру. Қазіргі уақытта 4 ауданның ішінде бұл айдар тек Сарыарқа ауданының әкімдігінде ғана барын жеткізді.

"Бұл механизмнің қалай жұмыс істейтіні туралы ақпарат түсінікті және қолжетімді тілде көрсетілуі тиіс. Келесі кезең халықтық қатысу жобасы бойынша тақырыптар тізімін кеңейту болуы тиіс, елорда тұрғындарының басқа тақырыптар бойынша және қаржыландырудың үлкен көлемінде жобалар ұсынуға барлық мүмкіндіктері бар", Алтынай Нұркеева.

Сонымен бірге диалог алаңына қатысушылар өз ұсыныстарын білдіріп, жобаға қолдау білдірді.

Осылайша, 9-12 қараша аралығында Нұр-Сұлтан қаласының азаматтық бастамалар орталығы базасында IX Азаматтық форум аясында өткізілген тақырыптық сессиялардың жұмысы толық аяқталды.

Жұмыс топтарын өткізу ҮЕҰ мен мемлекеттік органдар арасында жинақталған ТКШ, мемлекеттік тапсырыс, қоғамдық мониторинг және т.б. салалардағы мәселелер мен ұсыныстарды талқылауға, сондай-ақ билік пен азаматтық қоғамның өзара іс-қимылын дамыту үшін одан әрі ынтымақтастық бағыттарын айқындауға мүмкіндік берді.