• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 13 Қараша, 2020

Алматыда биыл қылмыс едәуір азайған

148 рет
көрсетілді

Жыл басынан бері қалада қылмыс саны барлық бағытта 47,5% азайды. Бұл туралы Алматы қаласы Полиция департаментінің бастығы Қанат Таймерденов онлайн брифинг барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz

Полиция басшысының айтуынша, қала бойынша қылмыстық ахуал толық бақылауда және тұрақты.

"Жыл басынан бері қылмыс саны 47,5% азайды. Атап айтқанда, қарақшылық шабуыл – 2,0 есеге, зорлау – 2,1, тонау – 2,2, бөтеннің мүлкін ұрлау – 2,4, пәтер ұрлығы – 3,0, көлік ұрлығы 2,6 есеге азайды", деді Қанат Таймерденов.

Сондай-ақ көлік ішінен ұрлау фактісі-37,5 есеге, көлік айналардың ұрлануы-2,5, бұзақылық-2,1 және алаяқтық-22,5 есеге төмендеген. Сонымен қатар, ол қылмыстық құқық бұзушылық бойынша жалпы қылмыстардың ашылу көрсеткіші барлық бағыттар бойынша 11,6% және барлық баптар бойынша жақсарғанын жеткізді.

"Биыл қарулы қарақшылық шабуыл – 6,6%, бөтеннің мүлкін ұрлау –6,9%, пәтер тонау – 12,6%, тонау – 19,9%, өзгенің көлік құралдарын ұрлық ниетінсіз иемдену – 5,6%, бұзақылық – 13,6%-ға және алаяқтық қылмысының ашылуы 6,7%-ға артты", деді ол.