Ақтау қаласының теңіз жағасындағы жартастың бір бөлігі опырылып, жаяу жүргіншілерге арналған жол бұзылды, деп хабарлайды Egemen.kz
Ақтау әкімдігі баспасөз қызметі таратқан хабарламасында теңіз жағасындағы жартастың опырылуы қаладағы қонақ үйлердің бірінің маңында болған.
"Оқиға орнына шұғыл жұмыс тобы барып, тиісті жұмыстарды жүргізіп, қауіпсіздік белгілерін орнатуда. Қауіпсіздік мақсатында жартасты соқпақ жолдар толық жабылды", дейді ведомство өкілдері. Оқиғадан ешкім зардап шекпеген.