• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Экология 15 Қараша, 2020

Маңғыстау әкімдігі Бозжыра дауына қатысты пікір білдірді

221 рет
көрсетілді

Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз хатшысы Самат Сүлей Бозжыраның басында ешқандай құрылыс жұмыстары жүріп жатпағанын мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz

"Екіншіден, Жоба әлі қаралуда. Туристік нысан салуға ниетті компания тарапынан нақты әрі соңғы жоба әлі келген жоқ. Бұған дейін үш нұсқасы ұсынылған болатын. Бірақ бұл соңғы варианты деген сөз емес. Яғни, толықтыру, жетілдіру процесінде. Үшіншіден, алдын ала ел-жұртқа ескертілмей, қоғам талқысына неге ұсынылмаған деген тұрғындар уәж айтуда. Жоғарыда атап өттім. Әлі күнге дейін әкімдікке немесе тиісті жауапты мемлекеттік органдарға жобаның соңғы нұсқасы берілген жоқ. Қолға құжат тиген кезде, эколог, туризм саласының сарапшылары, журналистер және қоғам белсенділерінің ойын ескере отырып ашық форматта қоғамдық тыңдау ұйымдастырылады. Төртіншіден, бутик-отель бой көтеретін болса, Бозжыра шатқалынан кемінде 1,1-5 шақырым қашықтықта салынуы тиіс. Бозжыра ешқандай қоршалмайды, дәл қазіргі кейіпі сол күйінде сақталады", деді Самат Сүлей.

Ол отельдің аумағы 80 га деген қате ақпарат екенін жеткізді. Бұл жерде шамамен шағын ғана 5-6 га шамасында болуы мүмкін.

"Алтыншы, бірнеше қабаттан тұратын, биік емес. Бір қабатты бутик отель болмақ. Яғни, ойын-сауық орталығы емес, алыс жолдар шаршап келген туристерге қолайлы, демалуға ыңғайлы, ас ішіп аяқ суытатын орталық ретінде қарастырылып отыр. Қоғам тарапынан тағы бір уәж бар. Қоршаған ортаға, айналысындағы жан-жануарға зиян болады деген. Керісінше, ол жерде соңғы технологияларды ескере отырып, газ, су, тоқ көздері тартылмайды. Барлығы күн және жел энергия көздерінен алынатын болады. Жауапты мекеме жол сала отырып, ретсіз көлік жүрісін реттеп, қоқыс мәселесін қолға алады. Тағы бір ескере кетсек, аталған жоба әлі талқылану үстінде, нақты жоба жасақталған бойда қоғам назарына ұсынылатын болады", деп толықтырды ол.

Естеріңізге сала кетейік, Бозжырада қонақүй салу дауына қатысты Экология министрлігі мен Мәдениет вице-министрі пікір білдірген еді.