• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.66
  • EUR:
    475.14
Басты сайтқа өту
Қазақстан 17 Қараша, 2020

Елге АҚШ мемлекеттік хатшысының көмекшісі келеді

226 рет
көрсетілді

АҚШ мемлекеттік хатшысының Білім және мәдениет жөніндегі көмекшісі Мари Ройс қарашаның екінші жартысында Қазақстанға ұшып келеді. Бұл туралы АҚШ Мемлекеттік департаментінің өкілдері мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz

Алдын ала мәліметтер бойынша Мари Ройс Нұр-Сұлтан мен Алматыға келеді.

"Мемлекеттік хатшының көмекшісі Ройс Қазақстан үкіметінің жоғары лауазымды мүшелерімен кездесіп, білім және мәдениет саласындағы екіжақты ынтымақтастықты талқылайды", делінген Мемлекеттік департаменттің хабарламасында.

Сондай-ақ Ройстың бірлескен білім беру бағдарламаларының қатысушыларымен және түлектерімен кездесіп, Қазақстан мен Chevron мұнай компаниясы арасындағы ғылым, технология және білім саласындағы әріптестік туралы құжатқа қол қоятыны айтылады.

Дегенмен, оның Қазақстанға сапарының нақты күндері аталмады.