• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
28 Қараша, 2013

Ақпарат құралдарының тәжірибе алмасу алаңы

380 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні мен Тәуелсіздік күніне орай кеше елордадағы «Қазмедиа» орталығының ғимаратында «MEDIA EXPO-2013» бұқаралық ақпарат құралдарының II республикалық көрмесінің ашылу салтанаты болып өтті.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні мен Тәуелсіздік күніне орай кеше елордадағы «Қазмедиа» орталығының ғимаратында «MEDIA EXPO-2013» бұқаралық ақпарат құралдарының II республикалық көрмесінің ашылу салтанаты болып өтті.

Көрмені Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен «Бас редакторлар клубы» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырды. Іс-шараның басты мақсаты бұқаралық ақпарат құралдарының жұмыстарын көрсету, ақпарат саласында салиқалы бәсекелестікті дамыту, БАҚ пен жалпы жұртшылық арасында тығыз қарым-қатынас орнату болып отыр. Көрмеде 30-ға жуық алдыңғы қатарлы республикалық және аймақтық БАҚ өкілдері өз өнімдерін халық назарына ұсынды. Салтанатты шараға сондай-ақ, еліміздегі елшіліктердің қызметкерлері, ұлттық компаниялардың баспасөз хатшылары, халықаралық ұйымдар, қоғам қайраткерлері, зиялы қауым мен шығармашылық ұйым өкілдері қатысты.

– Еліміздің Тұңғыш Президенті күні қарсаңында өткізіліп отырған республикалық көрменің ашылуымен баршаңызды құттықтаймын. Елбасы қазақстандық бұқаралық ақпарат құралдарының дамуы үшін барлық жағдай жасап отыр. Салтанатты шара өткізіліп отырған мына зәулім ғимарат та Мемлекет басшысының отандық бұқаралық ақпарат құралдарына деген ерекше назарын аңғартады, – деді Мәдениет және ақпарат министрлігінің жауапты хатшысы Жанна Құрманғалиева «MEDIA EXPO-2013» республикалық көрмесінің ашылу рәсімінде.

«MEDIA EXPO-2013» республикалық көрмесі тек өнімдер мен жасалған жұмыстарды көрсететін орын ғана емес, ол, сондай-ақ, озық тәжірибелермен бөлісетін алаң және қазіргі заманғы қазақстандық журналистиканың өзекті мәселелерін талқылайтын, жас журналис­терге арналған шеберлік сыныптары мен әдістемелік семинар өткізетін таптырмас орын болып табылады.

Көрме барысында «Деловой мир» баспасынан шыққан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев туралы кітаптың таныстырылымы, «Қазмедиа орталығы» мектебі мен тележурналист Гүлназ Әлімгерейдің мектеп-студиясының тұсаукесерлері, белгілі журналистердің шеберлік сыныптары өтеді.

Көрмеде, сонымен қатар, БАҚ қызметкерлері әсем ән мен құйқылжыған күй орындап, өз өнерлерін ортаға салды. Салтанатты рәсімде «Бас редакторлар клубының» президенті Кенжеболат Жолдыбай екінші рет өткізіліп отырған республикалық көрмеге қатысушылар мен келген қонақтарға сәтті қадам тіледі.

Айдар ӨРІСБАЕВ,

«Егемен Қазақстан».

Соңғы жаңалықтар