• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.66
  • EUR:
    475.14
Басты сайтқа өту
Экономика 17 Қараша, 2020

Экс-банкир Жомарт Ертаевтан қанша ақша өндірілді?

717 рет
көрсетілді

Алматы қаласының Алмалы аудандық соты экс-банкир Жомарт Ертаевтан қанша ақша өндірілгені туралы мәлімет берді, деп хабарлайды Egemen.kz

Осылайша Жомарт Ертаевтан Bank RBK пайдасына "Петролеум Трейд" ЖШС қарызы бойынша 3, 655 миллиард теңге және осы сомадан 109,6 миллион теңге мөлшеріндегі мемлекеттік баждың 3 пайызын өндіру туралы шешім қабылданды. Жалпы сомасы 3,764 миллиард теңге.

Қалған зардап шеккендерге Ертаев енді 17,021 миллиард теңге қайтаруы керек.

Сондай-ақ Ертаев Qazaq Banki акционері Бахыт Ибрагиммен бірге 39,6 миллиард теңге қайтаруға міндеттелді.

Айта кетейік, әзірге үкім заңды күшіне енген жоқ.

Еске салайық, Алматы қаласында Жомарт Ертаевтың 11 жылға сотталғаны хабарланған еді. Bank RBK-дан 144 миллиард теңге жымқыру ісіне қатысты сот өткен жылдың аяғында басталған болатын. Тергеу деректеріне сүйенсек, қылмыс 2011-2017 жылдар аралығында жасалған. Қылмыстық іс 46 эпизод және 700 томнан тұрады. Айыптау актісінде 3600-дан аса парақша бар.