Қытай вирусты 20 елдің өнімінен, соның ішінде шошқа еті, бразилиялық сиыр еті және үнді балығы пакетінен тапқанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz
Азық-түлік өнімдерін шығаратын елдер Қытайдан коронавирусқа тестілеуді тоқтатуды сұрайды. Себебі олар мұны сауда-саттықты шектеу деп санайды.
Бұдан бөлек, шетелдік шенеуніктер билік ұсынған дәлелдердің болмауы саудаға және импортталатын тамақ өнімдерінің беделіне нұқсан келтірді деп мәлімдеп отыр.
"Қытайдың азық-түлік импортына қатысты соңғы шектеулеріне ғылыми негіз жоқ және оның сауда-саттыққа қаупі бар", дейді АҚШ ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілдері.