• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Экономика 19 Қараша, 2020

«Каскор-машзавод» ақ asme халықаралық стандарты бойынша сертификаттаудан өтті

225 рет
көрсетілді

Соңғы жылдары Қазақстан нарығы айтарлықтай ілгері­леу­­ге қол жеткізді. Сондық­тан отандық компания­лар­дың қазіргі заманғы әлем­дік та­лап­тарға сай болуы, эконо­ми­каның әртүрлі салаларында ең жоғары деңгейдегі қыз­мет­терді ұсына алуы маңыз­ды. Осыған байланысты бас­ты міндет – отандық өн­діріс нарығын дамытуға және тауарлар мен қызметтерді жер­гіліктендіруге атсалысу.

Қазақстанда теңіздегі мұнай кен орнын игеру бойынша алғаш­қы жоба ретінде Қашаған Қазақ­станның барлық аймақ­тарында жер­гілікті кәсіп­орынд­арды дамытуда маңызды рөл атқарады. NCOC компаниясы қазақстандық компания­ларды Сол­түстік Каспий жобасына барын­ша тартуды ғана қолдап қой­май, жо­ба­ға жұмылдырылған ком­пания­­ларға халықаралық стандарттар деңгейіне жетуге көмектеседі. Жергілікті қамтуды барынша арттыру Консорциум үшін де, Қазақстан үшін де басым мақсат болып табылады.

Осы жылдар ішінде Оператор жергілікті компанияларға, атап айт­қанда, 6 компанияны Америкалық механик-инженерлер қоғамының (ASME) және 3 компанияны Америка мұнай институтының (API)  халықаралық сертификаттарын алу барысында сүйемелдеп, қаржылық қолдау көрсетті.

2020 жылғы сәтті мысалдар­дың бірі – «КАСКОР-МАШЗАВОД» АҚ.

Бұл көрнекті жетістікке Жер­гілік­ті қамту бөлімі, NCOC компа­ния­сының мердігері «Strategy Group» ЖШС және «КАСКОР-МАШЗАВОД» АҚ-ның үшжақты жұмы­сының арқасында қол жет­кізілді. Бұл кезең-кезеңмен жүзеге асқан ұзақ үдеріс бір жылдан астам уақыт алып, халықаралық стан­дарттың барлық талаптарына сәйкес болу, олқылықтарды жою және кеңес алу үшін халықаралық аудиторлар тартылды.

Бірлескен күш-жігер­дің нә­ти­­жесінде, «КАСКОР-МАШЗА­ВОД» АҚ ауыр өнеркәсіптің ASME (Амери­калық механик-инженерлер қоғамы) халықаралық стан­дар­тын сәтті енгізіп, «U» серти­фикаттық белгісіне ие болды. ASME сертификаты қатаң талап қоятын ірі компаниялармен, мұнай-газ Операторларымен жұмыс істеу бойынша өндірушінің мүмкін­діктерін кеңейтеді.

* * *

Америкалық механик-инженер­­лер қоғамы сонау 1880 жылы құрыл­ған, содан бері оны негізгі мақ­саты өзгерген жоқ: бүкіл әлемде машина жасаудың дамуына ықпал ету. Бүгінде ASME негізінен инженерлік салада кадрларды даярлаумен айналысатын кәсіби, коммерциялық емес ұйым. Нәтижесі айқын: ASME стандарты әр түрлі компанияларға өз өнімдерін 100-ден астам елдерге экспорттауға мүмкіндік береді.

***

«Каскор-Машзавод» АҚ – ұңғыма жабдығы, газ пештері, жер үсті және жер асты резервуарлар, дәнекерленген металл құрылымдары мен құрал-саймандар сияқты мұнай-газ саласы үшін әртүрлі өнімдер шығаратын Қазақстанның жетекші машина жасау кәсіпорындарының бірі.