• RUB:
    5.44
  • USD:
    478.58
  • EUR:
    520.84
Басты сайтқа өту
17 Сәуір, 2010

ҚҰЛАҒАН КӨПІР ЖӨНДЕЛДІ

631 рет
көрсетілді

Өткен жексенбіде, яғни 11 сәуір күні таңертеңгі 7 сағат 34 минөтте облыстық төтенше жағ­дай­лар департаментіне суыт хабар келіп түскен. Яғни, Қы­зыл­орда қаласындағы Сыр­дария өзеніне салынғанына 5-6 жыл болған көпір опырыла құлаған. Зардап шеккендер жоқ. Көпірді қалпына келтіру мақ­­сатында арнайы комиссия жасақталып, ондаған адамдар мен техника топтастырылып, жөндеу жұмыстары шұғыл қолға алыну арқылы көпір қайта  қалпына келтірілді. Еркін ӘБІЛ, Қызылорда.