• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
Аймақтар 19 Қараша, 2020

Павлодар облысында студент қыздың өліміне қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды

339 рет
көрсетілді

Іс ҚР Қылмыстық Кодексінің 105-бабы бойынша қаралуда, деп хабарлайды Egemen.kz Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Қаладағы колледждердің бірінің бірінші курс студенті Екібастұзда сегізінші қабаттағы пәтердің терезесінен секіріп, қаза тапты."Аталған фактіге қатысты ҚР ҚК 105-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды", деп атап өтті өңірлік полиция департаментінде. - ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесінде таратылмайды.

ҚР ҚК 105 – бабы – "Адамды өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу немесе жәбірленушіні қорқыту, оған қатыгездікпен қарау немесе оның адамдық қадір-қасиетін жүйелі түрде қорлау арқылы өзін-өзі өлтіруге оқталу". Кінәлі адам үш жылға дейін бас бостандығынан шектелуі немесе айырылуы мүмкін.

Қаза тапқан 16 жасар қыз Екібастұз қаласының академик Қ.И. Сәтбаев атындағы инженерлік-техникалық институтында білім алған. Ол тоғыз сыныптан кейін "станциялар мен қосалқы станциялардың электр жабдықтары" мамандығының күндізгі бөліміне түсті, деп хабарлады колледж.