• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Сайлау 20 Қараша, 2020

"ADAL" партиясы Мәжіліс сайлауына кандидаттардың тізімін ұсынды

459 рет
көрсетілді

19 қараша күні Нұр-Сұлтан қаласында «ADAL» саяси партиясының VII съезі өтті. Іс-шара барысында Мәжіліс депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімі бекітілді. Іс-шара барысында ҚР Парламент Мәжілісіне партиялық тізім жарияланды, сайлауалды бағдарламаның жобасы ұсынылды және партияның интерактивті сайты таныстырылды. Бұл туралы партияның баспасөз қызметі хабарлады.

Саяси кеңес делегаттары мен мүшелерінің дауыс беру қорытындысы бойынша «ADAL» партиясынан Мәжіліс мандатына кандидаттар тізіміне 20 адам енді: 

Серік Сұлтанғали - «ADAL» партиясының төрағасы; Эльдар Жұмағазиев – мемлекет және қоғам қайраткері, бірқатар білім және әлеуметтік жобалардың авторы, экономист, саясаттанушы; Ардақ Назаров - белгілі спортшы, қоғам белсендісі; Мақсат Толықбай - белгілі тележурналист, «Ашық алаң» тележобасының жүргізушісі, Maltabu.kz сайтының авторы; Алмасбек Садырбаев - председатель Национальной ассоциации овцеводов Казахстана «Шопан Ата» Қазақстан қой өсірушілер қауымдастығының төрағасы; Дәулет Мұқаев - тележурналист, қоғам белсендісі; Олжас Ордабаев - «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы төрағасының орынбасары, білім беру саласының сарапшысы; Жигули Дайрабаев – «Қазақстан фермерлер одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің президенті; Нұрлыбек Малелов - қаржыгер, мемлекет қайраткері; Ғалымбек Жақсылықов – қоғам қайраткері, Қызылорда облысының белсенді тұрғыны; Лаура Маликова – «Тәжірибелі экологтар қауымдастығының» төрағасы; Игорь Шацкий – кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі сарапшы; Алина Абдрахманова - бизнес-білім беру саласын басқару жөніндегі маман, сарапшы; Халиола Акдрашев – кәсіпкер; Ляззат Чинкисбаева - «Менің Атамекенім» әлеуметтік қорының төрағасы; Мұрат Қожамқұлов – партияның Нұр-Сұлтан қалалық филиалының төрағасы; Ғани Абадан - партияның Алматы қалалық филиалының төрағасы; Тимур Абдыкаримов – партияның Маңғыстау областық филиалының төрағасы; Ақмарал Бекмұрзаева - бизнес-тренер, кәсіпкер; Әнуар Керембаев – экономика сарапшысы.

Сондай-ақ, саяси кеңес пен өңір делегаттары бекіткен сайлауалды бағдарламаның жобасы ұсынылды. Құжат 5 негізгі бағыттан тұрады: 

Халықтың өмір сапасын көтеру; Кәсіпкерлік – дамыған мемлекеттің іргетасы; Агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға басымдық беру; Өңірлердің өркендеуі – қуатты мемлекет діңгегі; Өмірге қолайлы мемлекет.