Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин қазақстандықтарға өз құжаттарының цифрлы нұсқасын қайда және қалай таба алатынын түсіндіріп берді, деп хабарлайды Egemen.kz
Бағдат Мусин өз телефонына eGov mobile қосымшасы арқылы жеке куәліктің, жүргізуші және неке қию туралы куәліктің цифрлы нұсқаларын қалай табуға болатыны туралы нұсқаулық түсіріп көрсетті.
Құжаттардың электрон нұсқасын көру үшін қазақстандықтарға мыналарды істеу керек:
eGov mobile қосымшасын жүктеу, ЭЦҚ немесе бір реттік SMS-құпиясөз арқылы тіркелу, "бастыға" өтіп, төменгі жағында "сандық құжаттар" түймесін басу.Осыдан кейін экранда құжаттар тізімі мен отбасы мүшелерінің құжаттары шығады. Қажетін таңдап, "рұқсат беру" түймесін басу арқылы сіз болашақта қағаз құжаттың түпнұсқасы орнына ресми пайдалануға мүмкіндік беретін QR-код көресіз.
Айта кету керек, қосымшаның бұл функциясы сынақ түрынде жұмыс істеп тұруы мүмкін. Себебі кейбір қолдаланушыда құжаттар әлі жоқ.
Бағдат Мусин атап өткендей, болашақта жүргізуші куәлігінің электрон нұсқасының QR-кодын полицейлерге көрсетуге болады. Алайда қазақстандықтар заң бойынша әлі де құжаттарын өзімен бірге алып жүруі тиіс. Қазақстандықтарды құжат алып жүруден босататын норма әлі қабылданған жоқ.
Наурызда ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев құжаттардың қағаз нұсқаларына біртіндеп тыйым салып, электрон форматқа көшірілуі керек екенін мәлімдеген еді.