Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев өзінің Twitter парақшасында Қазақстандағы Солтүстік Македония елшілігінің Уақытша Сенімді өкілі В.Поповска-Кртолицамен кездескенін жазды, деп хабарлайды Egemen.kz
"Қазақстандағы Солтүстік Македония елшілігінің Уақытша Сенімді өкілі В.Поповска-Кртолицамен сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық қатынастарды дамыту, туризм саласындағы ынтымақтастық пен Солтүстік Македония қалаларымен бауырлас байланысты орнату перспективаларын талқыладық", деп жазады қала әкімі.