Қарағанды облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бастығы болып азаматтық қорғау полковнигі Мұрат Қатпанов тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz. облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жаңа басшыны жеке құрамға Төтенше жағдайлар бірінші вице-министрі Ибрагим Күлшімбаев таныстырды.
Мұрат Қасенұлы Қатпанов 1972 жылы Қарағанды облысындағы Егіндібұлақ кентінде дүниеге келген. Екі жоғары білімі бар: Қарағанды педагогикалық институтын және Ресей ТЖМ Азаматтық қорғау академиясын тәмамдаған.
Еңбек жолын 1996 жылы Қарағанды облыстық Азаматтық қорғаныс штабында халықты оқытуды даярлау бөлімінің оқытушысы лауазымынан бастаған. 1997 жылдан бастап төтенше жағдайлар органдарында жұмыс істеді. 2005 жылы Қарағанды облыстық ТЖ департаментінің күштер мен құралдар бөлімін басқарды, 2008 жылы авариялық-құтқару қызметтері басқармасының бастығы болды. 2011 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Қарағанды облыстық ТЖД бастығының орынбасары қызметін атқарды.
Қарағанды облысы