• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 21 Қараша, 2020

Маңғыстауда жаңа оқу жылынан бері оқушылар арасында COVID-19 зертханалық расталған 8 жағдай тіркелді

166 рет
көрсетілді

Маңғыстау облысы коммуникациялар орталығында өткен баспасөз конференциясына Маңғыстау облысы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Ғазиз Надуев қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Оның мәліметінше, оқу жылының басынан бастап Республика бойынша 18 жасқа дейінгі балалар арасында COVID-19  1713 жағдайы тіркелді, оның ішінде оқушылар арасында 1099 (64,1%) жағдай тіркелді.    Маңғыстау облысы бойынша жаңа оқу жылынан бастап бүгінгі күнге дейін оқушылар арасында барлығы  COVID-19 зертханалық расталған 8 жағдай тіркелді, оның ішінде 1-уі оффлайн режимде, 7-уі қашықтықтан оқиды және 1 мұғалім.

Оқу жылынан бастап жалпы білім беретін мектептерде барлығы 179 тексеру жүргізілді (ерекше тәртіп бойынша 12 тексеру,  167 мониторинг). Бұзушылықтар облыстың 10 мектебінде (5,5%) жоспарлы тексерулер кезінде және 7,8% мониторинг кезінде анықталды.

-Тексеру нәтижелері бойынша ерекше тәртіп бойынша 2 әкімшілік айыппұл салынды. Салынған айыппұл сомасы - 83 340 теңге. Бұзушылықтарды жою туралы 9 ұйғарым берілді. Тексеріс барысында мектептерге түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Түсіндіру жұмыстарынан кейін мониторинг бойынша барлық бұзушылықтар жойылды. Анықталған бұзушылықтардың барлық фактілері аудандардың, қалалар мен облыстардың әкімдіктеріне, облыстық білім басқармасына ақпарат жіберілді, деді Ғазиз Надуев.

 

Маңғыстау облысы