21 қарашада коронавирустық инфекциядан 10 838 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 511 бала бар, деп хабарлайды Egemen.kz.
Стационарларда 3 127 науқас жатыр. 7 711 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.
Жалпы науқастардың арасында 224 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 24 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 23 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.