Атырауда Абайдың 175 жылдығына арналған "Қайран елім қазағым.." атты республикалық ақындар айтысының бас жүлдесін "Егемен Қазақстан" газетінің тілшісі, айтыскер ақын Рауан Қайдар иеленді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Екі күнге созылған айтысқа еліміздің әр өңірінен 24 ақын қатысты.Ақындар айтысына Қазақстанның Еңбек Ері Асанәлі Әшімов бастаған қазылар алқасы төрелік етті. Ақындар Абай ұлағатынан сыр тартып, қазіргі қоғамның даму үдерісін, қордаланған мәселерді ортаға салды. Жеңге мен қайны арасындағы әдемі әзілдің айтысын жасады. Қазылар алқасы ақындардың сөз сайысын, көркем ойын, сөз саптауын саралап, бас жүлдеге 24 айтыскердің арасынан топ жарған "Егемен Қазақстан" газетінің тілшісі Рауан Қайдарды лайық деп тапты.
Атырау облысы