• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Аймақтар 21 Қараша, 2020

Павлодар облысында ауылдық жерде шағын индустриялық аймақ ашылды

381 рет
көрсетілді

Ақтоғай ауданының Әуелбек ауылында тігін және жиһаз шеберханасы, сұлулық салоны мен шашатараз, кондитерлік цех ашылды, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Әуелбек ауылында «Әуелбек» шағын индустриялық аймақтың салтанатты ашылуы өткізілді. Мерекелік шараға аудан әкімі Қаршыға Арынов қатысып, ауыл тұрғындарын құттықтады.

Auelbekmio2020.jpegАуылдық клуб ғимаратының базасында ашылған ШИА құрамына шаштараз (ерлер, әйелдер залы), сұлулық салоны (маникюр, педикюр, қас сәулеті), тігін цехы, жиһаз шеберханасы, кондитерлік цех кіреді. Алдағы уақытта фотостудия және аяқ киім жөндеу орнын ашу жоспарлануда.

- Енді ауыл тұрғындарына қалаға барудың қажеті жоқ, өйткені шаштараз қызметі туған ауылында да бар. - дейді шаштаразды ашқан Алтын Қыпшақбаева.

Ауыл тұрғыны Әсем Қабиева «Бастау бизнес» бағдарламасы бойынша білім алып, сұлулық салонын ашуға грант алды. Ал, Арыс қаласынан қоныс аударушы Нұртанов Саттар жиһаз шеберханасын ашты. Ағаш шебері ауыл тұрғындары үшін ас үй үстелдерінен бастап, бірқатар жиһаздарды жасауды жоспарлап отыр.