• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
17 Сәуір, 2010

ЖАҢА УНИВЕРСИТЕТКЕ – 500 ГРАНТ

642 рет
көрсетілді

Елбасы Нұрсұлтан Назар­баев Астананың жаңа Халық­аралық университетінде оқу үшін 500 грант бөлуге шешім қабылдады. Премьер-Министр Кәрім Мәсімов cейсенбі күні өткен Үкімет отырысында осылай деп хабарлады. Жобаның маңыздылығын ескере отырып, Елбасы биылғы жылы осы университетке оқуға түсетін талантты талапкерлерге 500 грант бөлуге шешім қабыл­дап отыр, деп атап көрсетті Премьер-Министр. Осыған орай Үкімет басшысы Қаржы ми­нистрлігі мен Білім және ғылым министрлігіне қажетті ресурсты уақытылы бөлуді қам­тамасыз етуді тапсырса, Астана қаласы әкімдігі мен Құры­лыс және тұрғын-үй коммунал­дық шаруа­шылық істері агент­тігіне грант­тар­ғ­а ие болған 500 сту­дент­ке арналған жатақхана мен оқыту­шылар үшін қажетті тұрғын үйлер­ді 1 қыркүйекке дейін дайын­дауды тапсырды. Президент Н.Назарбаевтың бастамасымен салынып жатқан Жаңа университет болашақта ұлттық білім беру жүйесі мен әлемдік озық ғылыми-білім беру тәжірибесін біріктірген жаңа күшпен қарулана отырып, зама­науи ғылыми, мықты инфра­құры­лыммен және ғылыми-инженерлік кадрлар­мен жұмыс жасайтын болады. Астана университеті әлемнің үздік 30 жоо-сымен әріптестік қарым-қатынас орнататын болады. Қазіргі уақытта университет­тің бакалавриатына – Foundatіon бірінші курс сту­дент­терін қабыл­дау жүруде. Олар­ды 2010 жыл­дың 1 қыркүйегінде London College Unіversіty-ден келген 50 оқытушы академиялық бағдар­ламаларға оқытатын болады. Атап айтсақ, университет негі­зінде бакалавриат бағдарлама­сымен Инженерлік, жаратылыс­тану және гума­нитарлық ғылым­дар мектебі, Медицина мектебі ашылатын болады. Венера ТҮГЕЛБАЙ.