• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 24 Қараша, 2020

Шығыс Қазақстанда шектеу шаралары 8 желтоқсанға дейін ұзартылды

201 рет
көрсетілді

Шығыс Қазақстан облысы бас мемлекеттік санитар дәрігерінің "Облыс тұрғындары арасында COVID-19 инфекциясының алдын алу бойынша шектеу шараларын күшейту туралы" 2020 жылғы 10 қарашадағы №24 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді, деп хабарлайды Egemen.kz

Құжатта жазылғандай, өңір бойынша карантин 8 желтоқсанға дейін ұзартылды. Шектеу шараларының мерзімі облыс аумағында COVID-19 инфекциясының таралуы бойынша ахуалдың өзгеруіне сәйкес қайта қаралуы мүмкін.

"Риддер қаласында, Глубокое және Алтай аудандарында орналасқан базарларды қоспағанда, ғимараттан тыс жерде азық-түлік сататын орындардың аптаның барлық күнінде сағат 08.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істеуіне рұқсат етілді. Ал азық-түліктен басқа тауар сататын сауда нысандары дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 08.00-18.00 аралығында ашық болады. Олардың демалыс (сенбі, жексенбі) және мереке күндері жұмыс істеуіне тыйым салынған", делінген қаулыда.