Полиция қызметкерлері тоқтатқан "Toyota Camry" автокөлігіне жалған мемлекеттік белгі тағылған екен, деп хабарлайды Egemen.kz.
"24 жастағы жүргізушіге қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексіне сәйкес 7 әкімшілік хаттама толтырылып, 180 570 теңге көлемінде айыппұл салынды. Бұдан басқа аталған Кодекстің 590-бабының 4-бөлімімен (Жалған мемлекеттік белгі орнату), 596-бабының 3-бөлімімен (Жолдың қарсы бағытына шығу) бойынша тағы 2 әкімшілік хаттама шешім қабылдау үшін сотқа жолданды", деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Бұл автокөліктің жалған мемлекеттік белгісінде 2 млн 391 858 теңгені құрайтын 104 айыппұл салыныпты. Ал жүргізушінің атына тіркелген мемлекеттік белгісі бойынша 272 мың 244 теңгенің 12 айыппұлы бары анықталып отыр. Автокөлік айып тұрағына қойылды.