«Березка» хореографиялық ансамблі оркестрі қазақтың әйгілі «Әлқисса» күйінің каверін жасап, орыс халық аспаптарында орындады. «Әлқисса» қазақ композиторы Нұрғиса Тілендиевтің аты аңызға айналған күйі. Оның жаңа интерпретациясын жазу идеясы оркестр әртісі Светлана Закунованыкі. Бұл ой Димаштың Мәскеуге келуіне орай туындаған. Бұл туралы dimashnews.com хабарлады.
Бастапқыда күй 2019 жылдың 19 наурызында Димашты әуежайда қарсы алған кезде орынду үшін дайындалды, -дейді Светлана. Одан кейін әнші Кремль сарайында D-Dynasty жеке концертін берді.
Алайда, «Березка» әртістері әуежайда тек «Мәскеу маңындағы кештер» мен «Калинканы» орындады. Өйткені жанкүйерлер көп болды. Сол үшін Димашты кешіктіргісі келмеді. Сөйтіп, «Әлқисса» кейінге шегеріліп, тағы да өңделіп жарық көрді.
«Әлқиссаны» Димаштың және басқа да музыканттардың орындауында бірнеше рет тыңдаған соң Светланаға қазақ композициясына кавер жасау идеясы келді. Оған күйдің ерекше әдемі дыбысталуы қатты ұнады. Сондай-ақ, Светлана бұл күй орыс халық аспаптары балалайка мен домрада да ерекше естілетінін айтады.
Светлананың идеясын «Березка» МАХА (мемлекеттік академиялық хореографиялық ансамбль) оркестріндегі әріптестері бірден қолдады.
Владимир Голубчиков (балалайка примада ойнайды, өңдеуші дыбыс инженері,);Виталий Кузнецов (балалайка прима, домра);Михаил Теньков (бас-гитара, контрабас);Дмитрий Слетков (перкуссия);Светлана Закунова (домра альт);Клип монтаждаушысы Дарина Трифонова.
«Біз топпен бірге жиналып, композицияны тыңдадық, оны аспаптар арасында партияларға бөлдік. Әрине, олар бұл процесте өздерінің ойларын айтып, үлес қосты. Қиын жаттығулардан кейін біз қалаған нәтижеге қол жеткіздік, содан кейін оны жазуды бастадық», – деді Светлана.
«Березка» МАХА оркестрі 1959 жылдың басында кеңестік балетмейстер және хореограф Надежда Сергеевна Надеждинаның бастамасымен құрылған. Бұған дейін хореографиялық ансамбльде тек 4 баяншы болған. Қазір оркестр ауқымы кеңейіп, онда 13 музыкант және 2 вокалист бар.
Оркестрдің бас дирижері-Ресейдің Халық әртісі Леонид Константинович Смирнов. Ал тұрақты көркемдік жетекшісі – КСРО Халық әртісі Мира Михайловна Кольцова.
Светлана Закунованың өзі 2007 жылдан бастап «Березка» ансамблінің мүшесі. Бұған дейін ол М.Е. Пятницкий атындағы Мемлекеттік академиялық орыс халық хорының оркестрінде жұмыс істеді. Кәсіби түрде кіші және альто домрада, сондай-ақ мандолинде ойнайды.
Светлана 2 жылдан бері Димаштың шығармашылығымен таныс. Қазақстандық әншіні қытайдағы «I’ m Singer»байқауында алғаш рет естіген. Димаштың Еуразиялық фан-клубының және Moscow Dear-ларының мүшесі.