• RUB:
    4.73
  • USD:
    511.22
  • EUR:
    540.05
Басты сайтқа өту
Қоғам 25 Қараша, 2020

Мемлекет атаулы көмекті шын мәнінде мұқтаж адамдарға беру керек - Президент

870 рет
көрсетілді

Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Nur Otan" партиясының кезектен тыс XX Съезінде айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

"Қаржыны және жәрдемақыны негізсіз, оңды-солды таратуды доғару қажет. Мемлекет атаулы көмекті шын мәнінде мұқтаж адамдарға беру керек. Ең бастысы - әлеуметтік әділдік. Сол себепті мұқтаж жандарға қамқорлық жасауға баса мән беріледі. Әлеуметтік саясатты жүргізгенде қиындыққа тап болған азаматтарға атаулы көмек көрсету шаралары күшейтіледі", деді Президент.

Оның айтуынша, алдағы 5 жыл ішінде әлеуметтік төлемдерді жыл сайын индекстеу үшін 3 трлн теңгеден астам қаражат бөлінеді.

"Ортақ зейнетақы мөлшері де жыл сайын индекстеледі. Біз мұны инфляция деңгейіне 2 пайыз қосып жүзеге асыруды ұсынып отырмыз", деді Мемлекет басшысы.